Ұлттық ұланның курсанттары ант қабылдады

Петропавлда ҚР Ұлттық ұлан академиясының 176 курсанты ант қабылдады. Салтанатты шараға Qazaqstan Media тілшісі де қатысып, болашақ офицерлермен тілдесті.

Салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі әдеттегідей Петропавлдың орталық алаңында өтті. Сап түзеген сарбаздар қызметте адал болуға, Отанды абыроймен қорғауға серт берді. Алаңда тұрып, ант қабылдағандардың бірі Арыс қаласының тумасы –  Ернұр Жамбыл. Әскери саланың қаншалықты қиын екендігін білсе де, ағасының кеңесіне құлақ асып, офицер болуды қалаған азамат бүгінгі күннің маңызы ерекше дейді.

Ұлттық ұланның курсанттары ант қабылдады

Ұлттық ұланның курсанттары ант қабылдады
Ұлттық ұланның курсанттары ант қабылдады

«Әрине, біздер үшін бүгін өте қуанышты әрі қобалжулы күн. Қарулас бауырларыммен бірге ант қабылдадым. Алдағы уақытта берген сертке адал болып, қызметімізді мүлтіксіз орындауға сөз беремін», – дейді курсант.

Бүгінгі таңда мұнда сегіз мамандық бойынша офицерлер даярланады. Он кафедра бар. Биыл алғаш рет оқу орны магистратураға офицер-тыңдаушылар қабылдаған. Бұл академия мәртебесі берілгеннен кейін мүмкін болып отыр.

Ұлттық ұланның курсанттары ант қабылдады

Ұлттық ұланның курсанттары ант қабылдады

Әскер қолбасшылығының атынан болашақ  офицерлерді ведомство басшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов құттықтады.

«Сіздер мамандықты саналы түрде таңдап, Ұлттық ұлан академиясының курсанты атағын абыроймен алып жүретіндеріңізге сенімдімін. Бас қолбасшылық, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сіздерге офицерлер корпусының болашағы ретінде үлкен үміт артады.  Сондықтан біз өз тарапымыздан курсанттарға лайықты оқу және қызмет көрсету жағдайын қамтамасыз ету үшін қажеттінің бәрін жасаймыз, – деді Бауыржан Әбжанов.

Жалпы, оқу орны осы уақытқа дейін 4 мыңнан астам офицерді дайындап шығарған.

Ұлттық ұланның курсанттары ант қабылдады

Тағы оқыңыз: Былтыр міндеттерін орындамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x