[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/WhatsApp-Image-2023-02-09-at-09.54.40-1-1.jpeg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

«Қызылжар» ФК жақын арада 5 жолдастық кездесу өткізеді және маусымды Павлодарда бастайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осы күндері петропавлдық «Қызылжар» ФК Түркия елінде алдағы маусымға дайындалып жатыр. Кеше кешке ұжымның баспасөз қызметі команданың оқу-жаттығу жиындары аясындағы ендігі қарсыластарын жария етті.

«Алания» ФК (Ресей) – 09.02
«Алашкерт» ФК (Армения) – 13.02
«Динамо Махачкала» ФК (Ресей) – 16.02
«РФШ» ФК (Латвия) – 20.02
«Шинник» ФК (Ресей) – 23.02

Бұған дейін петропавлдық жігіттер бірнеше жолдастық кездесу өткізді. Өкінішке қарай, соңғы матчта ресейлік «Нефтехимик» командасынан ұтылып қалды. Ойын 0 де 2 есебімен аяқталды. Жанкүйерлерге тағы бір маңызды ақпар, «Қарасай» стадионы маусымға дайын болғанша петропавлдық аяқдоп шеберлері ішкі біріншіліктегі қарсыластарын Павлодарда қабылдайды.

Биыл «Қызылжар» ФК облыс қазынасынан 1 754 000 000 теңге бөлінеді. Оның 1,2 млрд теңгесі негізгі командаға бағытталмақ. Ал 554 млн теңге балалар футболына жұмсалады.

 

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x