Қызылжар ауданының әкімі қызметінен кетті

Қызылжар ауданын алты жыл басқарған Жанат Сәдуақасов қызметінен кетті. Енді ол облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жанат Сәдуақасов 1981 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылғы қыркүйекте «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-да инженер-құрастырушы болып бастады.

2007 жылғы сәуірден 2010 жылғы сәуір аралығында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы, содан соң бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылғы сәуірде облыс әкімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2011 жылғы маусымнан бастап 2015 жылға дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет еткен.

2015 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың сәуір айында дейін Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

Ал 2016 жылғы сәуір мен 2018 жылғы қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып еңбек еткен.

2018 жылғы 25 қаңтардан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да дәрігерлер бейнебайланыс арқылы тұрғындарға кеңес береді

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x