двд

Облыс орталығынан 350 шақырым жерде орналасқан Ақжар ауданы Қулыкөл ауылында тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пункті ашылды. Бұл өңірде пайдалануға беріліп отырған осындай сегізінші нысан, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Құрамына екі ауыл кіретін Қулыкөл ауылдық округінің учаскелік инспекторы енді осы қызметтік үйде тұрып, қызметін де атқара береді. Елді мекеннің өмірі мен тұрмысына бейжай қарамайтын ауылдықтар үшін қызметтік үйдің ашылуы қуанышты жаңалық.

Нысан бюджет қаражатына салынған. Маңайды абаттандыруға «Дамир» шаруа қожалығының жетекшісі Рүстем Мұхамедиев көмектесті. Үйді салуға ат салысқаны үшін ол және ауданның басқа да белсенді тұрғындары, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полицейлер аудан орталығы Талшық ауылында марапатталды.

«Ауылды жерде жиі орын алатын қылмыс түрі – мал ұрлығы. Шаруаның бағып отырған малы – ауыл тұрғындары үшін табыс пен күнкөріс көзі. 2019 жылы мал ұрлығы ауыр санаттағы қылмыс түріне жатқазылды және қылмыс түрі ретінде қаралатын болды. Нәтижесінде облыста мал ұрлығының саны төрт есеге төмендеді», – дейді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Кейін облыстық ПД бастығы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Ол қызметкерлерді тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауға шақырып, азаматтардың сеніміне қол жеткізуге бағдарлады. Қулыкөл ауылындағы полиция пункті – бұл өңірде пайдалануға беріліп отырған осындай сегізінші нысан. Осы сияқты қызметтік үйлерді басқа аудандарда да салу жоспарланған.

Тағы оқыңыз: Тілсіз жаудың құрбанына айналған 14 адамның отбасына үй берілді

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x