Қозыбаев университеті Huawei компаниясымен серіктес болды

Облыстағы жалғыз жоғары оқу ордасы маңызды меморандумға қол жеткізді. Бұл жолы университет ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында танымал Huawei компаниясымен серіктестік орнатты, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Меморандум инженерлік және сандық технологиялар факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін өте маңызды. Олар білім беру, инновациялар саласында жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
Huawei компаниясы телекоммуникация, есептеу, жасанды интеллект және т.б. саласындағы инновациялық әзірлемелерімен танымал. Ол халықаралық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және өмірдің әртүрлі салаларына озық технологияларды енгізуге белсенді қатысады.
Университет басшылығы аталмыш компаниямен бірлескен жобалар арқылы жаңа білім мен технологияға қол жеткізуге үмітті.

Тағы оқыңыз: СҚО-да арақтан бас тартқан ауылда 6 жылдың ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x