Қазақстандықтарға медициналық сақтандырусыз жүргізуші куәлігін алуға тыйым салынуы мүмкін

Ресми жұмысы жоқ және соның салдарынан міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) тіркелмеген қазақстандықтарға көлік жүргізуге және қаруды иеленуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Министрдің айтуынша, медициналық сақтандыру қорына ақша көп түспейді, бұл оның болашақта өз міндеттерін орындай алмауына әкелуі мүмкін.

«Жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мынадай қажетті шарттарды ескеру қажет: 2025 жылдан бастап әрбір азамат міндетті салық декларациясын тапсырады. Осылайша, сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болады және МӘМС жүйесіне 700 мыңға жуық адамды тарту көзделуде», – деді Ажар Ғиният.

Оның айтуынша, МӘМС шамамен 2,9 млн қазақстандықты қамтымайды. Ауылдарда тұратын табысы төмен 1,5 млн-ға жуық адам бюджет қаражаты есебінен сақтандырылады. Қамту 2026 жылға қарай халықтың кемінде 95% құрайды деп болжануда. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният МӘМС төлемейтіндерге көлік жүргізуге тыйым салу тек ұсыныс ретінде қарастырылып жатқанын және бұл бастама қабылданбауы мүмкін екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Туған қызын зорлаған Өзбекстандық азаматқа қатысты сот үкімі шықты

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x