Қазақстанда интернет-алаяқтық фактілері 1,5% - ға төмендеді

Елімізде алаяқтықтың төмендеуі байқалуда. Жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардан алаяқтықтың үлесі 30% -ды құрайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше алаяқтық әрекеттердің салдарынан 34 623 адам зардап шеккен. Оның басым бөлігі әйелдер. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған 102 бала да алданыпты. Мектеп, гимназия, лицей, колледж, жоғарғы оқу орындарында оқитындардың  291-і, зейнеткерлер 1714-і,  8 мүгедек алаяқтардың құрбаны болған.

Аймақ бойынша ең көп алаяқтық  Алматы қаласы – 6742, Астанада  – 5358, Қарағанды облысы – 2590 тіркелген.

« Ақша қаражатын қарызға алу арқылы алаяқтық 73% – ға төмендеді, барлығы 24 (89) факт орын алған.  Төлем карталарын пайдалану арқылы жасалған алаяқтық фактілері бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% – ға аз» -делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Тағы оқыңыз:  А.Смаилов: «Мемлекет ауа – райынан зардап шеккен фермерлерге көмектеседі»

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x