Қазақстанда еңбек мобильділігі орталықтары ашылады

Елімізде 1 шілдеден бастап еңбек мобильділігі орталықтары ашылады. Жалпы саны 20-ны құрамақ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Қазақстанда 20 еңбек мобильділігі орталығы құрылады. Яғни, барлық облыс орталықтары мен мегаполистерде аталған ұйым жұмыс істейтін болады. Ал, халықты жұмыспен қамту мекемелері мансап орталықтары болып қайта құрылмақ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, құрылғалы жатқан орталықтардың негізгі функциялары мыналар:

– жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімін қамтамасыз ету;

– өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру;

– жұмыспен қамтудың белсенді шараларын іске асыру және өңірде іске асырылатын барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг;

– жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру;

– жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз адамдарды тіркеу;

– халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілетті мемлекеттік органды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.

«Жаңа орталықтар осы функцияларды іске асыру үшін өңір аумағында жұмыс істейтін еңбек нарығының барлық институттарын белсенді түрде тартатын болады. Ол үшін оларға азаматтардың нысаналы топтарын жұмысқа орналастырумен байланысты жекелеген функцияларды аутсорсингке беру құқығы беріледі. Жаңа орталықтардың негізгі міндеті ұлттық еңбек нарығының көрсеткіштерімен ұштастыра отырып, жергілікті ерекшеліктерді ескеріп, өңірлік жұмыспен қамту саясатын іске асыру», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Тағы оқыңыз: Қардың көп мөлшерде жаууы – құлпынай үшін пайдалы: Хабиба Абдрахманова

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x