Қараша айына солтүстік өңірлерде кей күндері бұрқасын болады

Синоптиктер 2023 жылғы қараша мен 2024 жылғы наурыз айы аралығындағы алты айға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қараша айында жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі күтіледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

 «Қазгидромет» РМК ресми сайтында алдағы алты айға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Метеорологтардың болжамынша, бір ай ішінде жауын-шашын, екпінді жел тұруы ықтимал. Сонымен қатар солтүстік өңірлерде кей күндері бұрқасын болып, респубика бойынша көктайғақ пен тұман күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында айдың екінші жартысында күн суытады.

Қараша айында республиканың солтүстігінде түнгі уақытта -20…-27°С, күндіз -8-13°С дейін; елдің оңтүстік жартысында,оңтүстік-батысында түнде -3…-12°С, күндіз -1…+5°С дейін болады.Мамандар жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында болады деп болжады. 

2023-2024 жылдың қысы жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын  болуы ықтимал. Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтілуде.  Желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады деп болжануда. Мамандардың мәліметінше, қаңтар және ақпан айларында республиканың басым бөлігінде жауын – шашын норма шамасында. Ал наурыз айында Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2 градус жоғары болмақ. Жауын-шашын мөлшері нормадан көп жауады деп күтіледі.

Тағы оқыңыз: Петропавлда жеке тұрғын үй құрылысы қарқын алуда

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x