Ғауез Нұрмұхамбетов аудандарды аралап жүр

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сергеевкада Шал ақын ауданының тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде жылу қазандығын салу және қалаішілік жолдарды жөндеу мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі
Сергеевкада биыл заманауи сүт фермасы және жабық хоккей корты іске қосылады.Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда өңір басшысы Червонное ауылына ат басын бұрды. Мұнда мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, сүт фермасы тұрғызылуда. Ал Ставрополка ауылында су торабы мен желілер салынып, 80 үй мен нысандар жүйеге қосылды. Ставрополка тұрғындарымен кездесуде елді мекенді дамыту мәселелері талқыланды. Новоишимкада жаңа қазандық салынды, жылу желілерін тарту бойынша жоба жасалды. Барлығы 130 нысан орталық жылуға қосылады.

Ғауез Нұрмұхамбетов аудандарды аралап жүрҒауез Нұрмұхамбетов аудандарды аралап жүр

«Сапар аясында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның диқандарымен кездестім, әңгіме барысында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтылды. Облыстағы ең үлкен сүт фермасы болып саналатын – «Возвышенка СК» серіктестігінің де жұмысымен таныстым», – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x