[et_pb_section fb_built=»1″ admin_label=»section» _builder_version=»4.16″ global_colors_info=»{}»][et_pb_row admin_label=»row» _builder_version=»4.16″ background_size=»initial» background_position=»top_left» background_repeat=»repeat» global_colors_info=»{}»][et_pb_column type=»4_4″ _builder_version=»4.16″ custom_padding=»|||» global_colors_info=»{}» custom_padding__hover=»|||»][et_pb_image src=»https://qaz-media.kz/wp-content/uploads/2023/02/125845-1.jpg» _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» align=»center» hover_enabled=»0″ sticky_enabled=»0″][/et_pb_image][et_pb_text _builder_version=»4.18.0″ _module_preset=»default» global_colors_info=»{}»]

«Сырымбет» — Қазақстандағы жалғыз және әлемдегі ең ірі қалайы кен орны. Бүгіндері онда шаруа қызып жатуы қажет еді. Алайда мұндағы жұмыстар әлі жолға қойылмаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Сырымбетте сонау 1980 жылдары ірі кен орны анықталған. Бірақ ол көп жылдар бойы игерілмей, жұмыстар осыдан 3-4 жыл бұрын ғана басталған болатын. Инвесторлар табылып, олар 100 млрд теңге қаржы құйып, жылына 11 мың тоннадан астам қалайы өндіруі тиіс еді. Бірақ инвесторлар Қазақстан даму банкінен алған несиесіне әлі қол жеткізе алмай келеді. Яғни, істі бастауға қаржы қолбайлау болып отыр.

«Тиісті қаржының бөлінбей жатқанына бір жылдан астам уақыт өтті. Мен мұны облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының іске салғырт қарауы деп түсінемін. Жағдай үнемі назарда болуы тиіс», — деді облыстық әкімдік отырысында өңір жетекшісі Айдарбек Сапаров.

[/et_pb_text][/et_pb_column][/et_pb_row][/et_pb_section]

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x