Қазақстанда мүгедек жандар нысандарда еркін жүріп-тұра алмайды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мүгедек жандар үшін жасалып жатқан жұмыстарды мардымсыз деп бағалады. Айтуынша, мүгедек жандар үшін нысандардың қолжетімділігі 45%-дан аспайды, деп жазады Qazaqstan Media.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айқайы тағы да нысандарды еркін жүріп-тұруы. Бұл айта-айта жауыр болған мәселені үкімет басшысы Олжас Бектенов тағы көтерді. Оның айтуынша, кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары белсенді жүріп жатқан ірі қалалардың өзінде көзге көрінетіндей нәтиже жоқ.

«Тіпті, кейбір пандустар мен ауыспа жолдардан өтер кезде бесік арбамен жүрген ата-аналар да әлекке түсіп жатады. Мүгедек жандарға арналған лифтілер мен көтергіштер жұмыс істемейді. Сондай-ақ биік бордюрлер жолды кесіп өтуге кедергі келтіреді. Қолайлы орта қалыптастыру бойынша істеліп жатқан жұмыстарда көзбояушылық көп. Объектілерді мүгедектігі бар адамдардың, қарттардың ыңғайына қарай бейімдеу жұмысын күшейту қажет. Бұл, әсіресе әлеуметтік объектілерге, дәріханаларға, азық-түлік дүкендері мен сауда орталықтарына қатысты», — деді Олжас Бектенов үкімет отырысында.

Отырыста Премьер-министр өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыстың сапасы мен жауапкершілікті арттыру үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауды тапсырды. Нормалардың сақталуын бақылау қажет, деп атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тірек-қимыл аппараты бұзылған қазақстандық оқушылардың жеке көмекшілері болады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *