Петропавлдағы балық тәлімбағы 2024 жылғы су тасқынынан кейін  жұмысын тоқтатқан. Алғашында нысанға күрделі жөндеу жасап, жаңғырту көзделген болатын. Алайда  биылғы тасқыннан кейін жоспар өзгерді. Балық шаруашылғы комитеті жаңа ғимарат салуды қолға алмақшы, деп жазады  Qazaqstan Media.

Петропавл балық тәлімбағының құрылғанына 60 жылдан асқан. Осы жылдар ішінде өндірістік ғимараттарға ешқашан күрделі жөндеу жасламапты. Жағдайды су тасқыны одан сайын ушықтырып жіберді.  Ақ саха балығының  түрлерін жасанды түрде көбейтуге мамандандырылған мекеменің жұмысы тоқтап қалды.

Ақпан айында Qazaqstan Media редакциясының сұрауына ауыл шаруашылығы вице-министрі Амангалий Бердалин, балық тәлімбағын қайта құруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Жоспарларға әкімшілік ғимаратты, балық тоғандарын жөндеу, электрмен жабдықтау және сорғы станцияларын жаңарту кірді. Алайда, қазіргі кезде жоспар өзгеріпті.  Осы көктемде Заречный кентін тағы да су басты. Сол себепті,  министрлік басқа шешім қабылдап отыр.

«Қолайсыз табиғи қауіптердің жүйелі түрде болуын  ескере отырып, өндірістік базаны жаңғыртуды одан әрі жалғастыру орынды емес деп таптық. Осыған байланысты, қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұсынысы бойынша басқа учаскеде жаңа өндірістік база салу мәселесі пысықталуда», — деп хабарлады QM редакциясына балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов.

Жер учаскесі анықталғаннан кейін, Ауыл шаруашылығы министрлігі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кіріседі.

Айта кетейік, жыл сайын Петропавл балық тәлімбағында тұқы және ақ саха балығының дернәсілдері өсірілді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да әскери жауынгер шекарадан заңсыз адам өткізген 

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *