Осыдан бір жыл бұрын тасқын судан зардап шеккен отбасыларға Бірлік ауданынан жаңа үйлер берілген еді. Алайда, 30 отбасы әлі күнге дейін құжаттарын реттеп, дұрыстамаған. Сол себепті, оларды баспаналарынан шығаруы мүмкін, деп жазады Qazaqstan Media.

Былтыр көктемгі тасқын су мыңдаған отбасыны баспанасыз қалдырды. Кейін жағдай тұрақталып, бір жаз ішінде Петропавлда Бірлік жаңа ауданы тұрғызылды. Үйсіз қалған тұрғындардың көбісі жер үйлерді таңдады. Олар қоныстой жасап, жаңа жерге үйренісе бастады.

Тілсіз жаудан зардап шеккен көпшілік үшін бұл- үлкен қуаныш еді. Алайда, тұрғындардың кейбірі әлі күнге дейін жауапсыздық танытып отыр. 30 адам осы күнге дейін қалалық әкімшілікке құжаттарын толық өткізбепті. Бірнеше рет жасалған ескертулерге құлақ асатын емес. Уақыт болса өтіп жатыр.  

«Біз тұрғындарға уақыт бердік. Жылыту маусымы аяқталғанша құжаттарды толық түгендеу керек болатын.  Бірақ, кейбірі құжаттарын дұрыстаған жоқ. Себеп-сылтаулары әр түрлі. Жауапсыздық, басқа өмірлік жағдайлар. Қазір бір жылдан артық уақыт өтті» ,- дейді қала әкімінің орынбасары Калия Туренова.

Бір жыл жергілікті билік өкілдері қоныстану кезінде құжаттары жоқ адамдарға да баспана бергенін атап өтті. Себебі ол кезде жағдай ушығып, тасқын су бәрін есеңгіретіп тастаған еді. Бірақ, қала тұрғындары барлық қағаздарды ретке келтіру керек екенін білді.

«Үйді ресми түрде азаматтарға тапсыру үшін біз айырбас жасауымыз керек. Олардың бұрынғы  учаскелерін алып, оның орнына баспана беру керекпіз.  Ал құжаттарсыз мұны істеу мүмкін емес. Біз мүлікті заңды негізсіз бере алмаймыз», — деп атап өтті Калия Туренова.

Қазір Бірлік ауданында құжатсыз тұрып жатқан азаматтарға мәселені шешу үшін бір ай уақыт  берілді.  Егерде олар үлгермесе, баспананы босатуларына тура келеді. Ал, үй судан зардап шеккен басқа отбасыларға берілмек.

«Үйлерді берген кезде тұрғындардың  арасында пәтер алғысы келетіндер болды. Олардың кейбірі  құжаттарын ұзақ уақыт ресімдеп, кейін пәтер сатып алуға келгенде ақша таусылды. Осылай пәтерсіз қалғандар бар. Оларға жеке үй ұсынылды. Барлығы тең құқылы болды», — деді Петропавл қалалық әкімдігінде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қаржы заңнамасына реформа жасалмақ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *