Елімізде екі жылға созылған республикалық командалық айтыс өз мәресіне жетті. Мега- жобаға елімізден 20 команда қатысқан болатын.  Солардың ішінен  дүбірлі додада Солтүстік Қазақстан облысының командасы үздік  үштікке енді,  деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Командалық айтыс мега-жобасы 2024 жылы басталған болатын. Онда әр өңірдің ақындары мен жыршыларынан команда құрылды. Барлығы 20 команда. Бірінші айналымнан өткен 10 құрама ішінен жартылай финалға өткендерді сараланды. Жобаның екі кездесуі Петропавл қаласында ұйымдастырылған болатын. Бірінші айтыс кешінде солтүсткқазақстандықтар Шығыс Қазақстанның өнерпаздарын жеңген еді. Кейін  Астаналық ақын, жыршы-термешілермен бақ сынасты. Осылайша, мега жобаның финалына шыққан жерлестеріміз үшінші орынды иеленді.

Маңғыстауда солтүстікқазақстандық өнерпаздардың мерейі үстем болды
Маңғыстауда солтүстікқазақстандық өнерпаздардың мерейі үстем болды

Сондай ақ, дәстүрлі ән аталымында жезтаңдай әншіміз Біржан Есжанов «Үздік дәстүрлі әнші» атағына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы ақшалай сыйлықтар табысталды.

Тағы оқыңыз: Тайыншада жазғы «Ақ бидай»  ойындары өтіп жатыр

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *