Қызылжар аудандық соты С есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады. Айыпталушы жұбайын түрлі сөздермен балағаттап, түрмеге қамалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Айыпталушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі 73 бабының 1 тармағы бойынша жауапқа тартылды. Ол жұбайына ауыр сөздер айтып, балағаттаған. Қызылжар аудандық соты оған 10 күнге қамау түрінде жаза тағайындады. Айта кету керек, С. есімді азамат бұған дейін де осы сияқты әрекеттері үшін жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, оған үш ай мерзімге алкогольді ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды пайдалануға толық тыйым салынды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қоғамдық көлікпен соқтығысқан машина аударылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *