Солтүстік Қазақстан облысында ұялы байланысты жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Былтырдың өзінде өңірде 290-нан астам жаңа 4G базалық станция орнатылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қазіргі таңда облыста бес қала мен 650-ге жуық ауыл бар. Оның тең жартысы — 4G, 107-сі — 3G, 200-ден астам елдімекен ТОБЖ/ADSL технологиялары арқылы іске қосылған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, 2027 жылы 300-ге жуық ауылға талшықты-оптикалық желі тарту жоспарланып отыр. Бұл игі бастама «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асады. Ведомство берген ақпарат бойынша аталған жоба аясында 24 5G базалық станция орнаталған.
Шыны керек, алыс жолға шыққанда адамдар байланыс таппай қиналады. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында министрлік ауқымды жұмыс атқаруда. Өңірдегі автожолдар бойында 14 антенна мұнара орнату жоспарланып отыр.
Тағы оқыңыз: Қозыбаев университетінің үздік және белсенді 400-ге жуық студентіне диплом табысталды