Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды. Машина аударылып 58 жастағы ер адам қаза тапты, деп жазады Qazaqstan Media.
Оқиға 7 шілде күні таңғы сағат 08:00 шамасында «Жезқазған – Петропавл» автожолының 755-шақырымында орын алған. «Mercedes» маркалы көлік жолда жүріп келе жатып, апатқа ұшыраған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жолда барынша сақ болуды, әсіресе күрделі учаскелерде жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтілді