Үшінші шілде күні түнде Петропавлда 80 шаршы метр аумақты шарпыған өрт болды. Ғ.Мүсірепов көшесі 34 В мекенжайында металл контейнерде шыққан от жақын маңдағы қоймаға да тиген, деп жазады Qazaqstan Media.
Облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша өрт үшінші шілдеде сағат 22:25 шамасында шыққан. Алдымен Ғ.Мүсірепов көшесі, 34 В мекенжайында орналасқан металл контейнерден өртенеді. Кейін жалын жақын маңдағы қоймаға да тараған. Өрттің жалпы аумағы 80 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау 23:10-да оқшауланып, 23:40-та толық сөндірілді. Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен 16 техникасы жұмыс істеді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.
Тағы оқыңыз: Елімізде докторантураға құжат қабылдау басталды