Солтүстік Қазақстанда шаруа қожалықтарының бірінде өрт болып, темір ангар жанып кетті. От 150 шаршы метрді шарпыған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Оқиға Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында болған. Шаруа қожалығының аумағындағы темір ангар өртеніп, қызыл жалын 150 шаршы метр аумаққа жайылған.

«Ангардың ішінде ауыл шаруашылғы техникасы тұрған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында комбайн және үш тіркеме аман қалды. Өртті сөндіруге «Атамекен Агро» ЖШС-нің ерікті өрт сөндіру құрылымы да көмектесті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп көрсетілген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Мамандардың айтуынша өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жол апатынан жүргізуші қаза тапты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *