2019 жылы қабылданған «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы жабылады. Бұл туралы үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Qazaqstan Media.

Вице-премьердің айтуынша, енді республикалық бюджеттен жалпыұлттық маңызы бар нысандар және аса маңызды инфрақұрылым жобалары қаржыландырылмақ.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы 2019 жылы қабылданған. Ол ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға бағытталған еді. Бағдарлама аясында жол салынып, су жүргізіліп, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт объектілерін қайта жаңарту және жаңа нысандарды салу көзделген.

«Мұнда біз «Ауыл – ел бесігі», «Қалалардың шеткі аумақтарын дамыту» шағын және моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және тағы да басқалар түрлі салалық бағдарламалар шеңберінде елді мекендердегі жобаларды, іс-шараларды нүктелік қаржыландырудан алшақтайтынымызды түсінуіміз керек. Осы бағдарламалар күшін жоюға қойылады», – деді Жұманғарин.

Сондай-ақ ол халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін бірінші қажеттіліктегі объектілер – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынын айтты.  Соңғы жылдары жергілікті деңгейде салықтар көп жиналып, республикалық бюджеттің жүктемесін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр екен.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ТҚКС иесі ер адамды кувалдамен ұрып өлтіріп, мәйітті жұмыс орнында жасырған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *