Петропавлда жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 15-ші мамыр күні тіркелді. Audi 100 көлігін басқарған 70 жастағы зейнеткер жаяу жүргіншілерге жолағымен өтіп бара жатқан 63 жастағы әйелді қағып кетті, деп жазады Qazaqstan Media.
63 жастағы әйел Ұлттық ұлан академиясы маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерден жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде оны көлік қағып кетеді. Кейін анықталғандай Audi 100 автокөлігін 70 жастағы зейнеткер басқарған. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал, жаяу жүргінші ауруханада, ем қабылдап жатыр.
«Медициналық көмек жедел түрде көсретілді. Науқастың жағдайы ауыр. Оның бұғана сүйегі, жамбас сүйегі сынған. Аурухананың жарақаттану бөлімінде ем қабылдауда», — деп нақтылады көпбейінді қалалық аурухананың баспасөз қызметі.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ҰОС ардагері Василий Макиенко өмірден өтті