Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық соты Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзған ер адамға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол Қазақстан мен Ресей азаматтығын бірге алып жүрген, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам 2021 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Осыдан кейін ол Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққанын ресми түрде рәсімдегеніне сеніп, Қазан қаласындағы Қазақстан елшілігіне Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігін пошта арқылы жіберген. Алайда ол құжаттардың жойылуын бақыламаған және бұл туралы ішкі істер органдарына хабарламаған.

2025 жылдың ақпанында ол елге оралып, уақытша тұруға рұқсат алу үшін Айыртау аудандық көші-қон қызметіне жүгінеді. Сол кезде оның қос азаматтығы бары анықталған.

«Қазақстан Республикасының «Азаматтық туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, шетел азаматтығын алған Қазақстан азаматы бұл туралы 30 күн ішінде хабарлауға және Қазақстан құжаттарын тапсыруға міндетті. Сондай-ақ, аталған Заңға және ҚР Конституциясына сәйкес, Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейді», — делінген облыстық соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Сот азаматты кінәлі деп танып, оған әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 11 күн бұрын жоғалған студент әлі табылған жоқ

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *