Есіл ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Агроқұрылымдар оған қыста қамдана бастаған. Бұл жұмыстар егін себу науқанын уақытында әрі сапалы өткізуге мүмкіндік береді дейді аудан әкімі Мереке Мұхамедияров. Аудан басшысы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жайында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров және облыс әкімі қатысқан алқалы жиында баяндады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Есіл ауданы бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 390,1 мың га құрайды. Оның ішінде егістік – 320,9 мың га, жайылым – 63,6 мың га, шабындық – 5,5 мың га. Биыл шаруалар 293,8 мың гектар алқапқа егін сеппек. Бұл 2024 жылдан төрт мың гектарға артық. Дәнді дақылдар 214,5 мың га, майлы дақылдар 58,7 мың га жерге себілмек.

200 мың га жер күзде жыртылып, 28,8 мың га сүрі жерге қалдырлыған жер өңделді. Қыс айларында 200мың гектар алқапта ылғал жинау мақсатында қартоқтату жұмыстары атқарылды.

«Топырақтағы ылғал 61-132 мм аралығында. Орташа топырақтың қату тереңдігі – 67 см. Бұл – көктемгі дала жұмыстарын бастау үшін жақсы көрсеткіш. Сонымен қатар, тұқым қорын дайындауға ерекше назар аударылуда. Биыл 34 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдарының тұқымы тексеріліп, барлығы сапалы деп танылды. Элиталық тұқымдарды жаңарту жұмыстары жалғасуда: жоспарланған 11,2%-дың 7,1%-ы немесе 1987 тоннасы жеткізілді», — деді өз баяндамасында Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров.

Сонымен қатар, аудан заманауи технологияларды енгізіп жатыр. Мәселен, «Атамекен-Агро-Корнеевка» ЖШС-дағы элиталық тұқым өндіру зауыты биыл 100 тонна элиталық және 715 тонна бірінші репродукциялы бидай тұқымын дайындапты. Жердің құнарлылығын арттыру үшін минералды тыңайтқыштарды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта 12,5 мың тонна тыңайтқышқа келісімшарт жасалып, оның 5,6 мың тоннасы шаруашылықтарға жеткізілген.

Есіл ауданының агроқұрлымдары көктемгі дала жұмыстарына 1042 трактор, 1175 дән себу агрегаты және 119 егіс кешені жұмылдыруды көздеп отыр. Бүгінде техниканың дайындығы 98%-ға жетті. Ал дизель отынының қоры 3090 тоннаны құрайды, бұл қажеттіліктің 64,5%-ын қамтамасыз етпек.

Есіл ауданында егіс науқанына дайындық қызған
Есіл ауданында егіс науқанына дайындық қызған

«2024 жылы ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары түрлі қаржыландыру жолдары  арқылы  егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 10 млрд теңгеден астам мемлекеттік қолдау алды. Биыл көктемгі егіс жұмыстарына шамамен 6 млрд теңге қарастырылған», — деді аудан әкімі.

Тағы оқыңыз: Петропавлдықтар Е. Бөкетовті еске алып, бюстіне гүл шоқтарын қойды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *