Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар бала есін жимастан ауруханада қайтыс болды. Сәби екі жарым ай бойы өмірі үшін күрескен еді, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растап отыр. Олардың айтуынша, бала екі жарым ай бойы комада жатқан.

«Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Сол уақыттан бері жансақтау бөлімінде жатты. Оң өзгерістер байқалмады. Ал ақпанның 28-і күні бала есін жимастан қайтыс болды», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, үш жасар бала ас үйде ойнап жүріп, құлаған. Сол кезде оның сол жақ көзіне пышақ кіріп кеткен. Оқиға болған кезде баланың қасында анасы болған.

Тағы оқыңыз: СҚО-да кәсіпкер шетелден әкелген техникасын тіркеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *