Осыған дейін QM тілшісі солтүстікқазақстандық кәсіпкер шетел әкелген техникасын заңдастыра алмай жүргендігін жазған еді. Аталмыш мәселе оң шешімін тапқан. Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері мен прокурорлардың арқасында техника елімізде тіркелді.
«Дорожник Ашық аспан» ЖШС Германиядан әкелген асфальт төсегішті елімізде тіркей алмай біраз әуре-сарсаңға түскен болатын. Пайдаланылған техниканы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы есепке алмай қойған. Тіпті болмағасын серіктестік өкілдері облыстық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінді. Бұл мәселені шешу үшін прокуратруа қызметкерлері араласқан. Олар барлық материалдарды егжей-тегжейлі зерделегеннен кейін шешімін шығарды.
Нәтижесінде техника тіркелді, паспорт пен нөмір алынды.
«Еуропадан әкелінген асфальт төсегішті бастапқы тіркеу мәселесін шешуде СҚО Кәсіпкерлер палатасы мамандарының командасына зор алғысымызды білдіреміз. Мәселені соңына дейін қадағалап отырды. Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура мамандарының үйлесімді жұмысының арқасында біз әкелген техниканы сот талқылауынсыз тіркей алдық», — деп атап өтті ЖШС директоры Карен Мартиросян.
Тағы оқыңыз: Петропавлда «Мәңгілік алау» мемориалы жөнделеді