Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімдері арасында үстел теннисінен турнир өтті. Жарысқа 20-дан астам шенеунік қатысты,  деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аталған доданы AMANAT партиясының облыстық филиалы мен үстел теннисінен облыстық балалар vty жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Олардың айтуынша, бұл турнир бұқаралық спортты дамытуға және бейресми ортада пікір алмасуға мүмкіндік береді.

«Үстел теннисі — ауылдарда дамытуға болатын қолжетімді әрі қызықты спорт түрі. Бұл турнирден кейін әкімдер өздері де спортпен көбірек айналысып, ауылдастарын белсенді өмір салтына баулиды деп сенеміз», — деді AMANAT партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.

СҚО-да ауыл әкімдері теннис ойнап жарысты СҚО-да ауыл әкімдері теннис ойнап жарысты

Қатысушылардың сөзінше, аталған жарыс сергектік сыйлап, көңіл күйді көтеруге септескен.

«Әрине, бәрі жеңіске жетуді қалайды, бірақ біз осы кездесудің арқасында әріптестерімізбен емін-еркін әңгімелесіп, тәжірибе алуға мүмкіндік алдық. Мұндай турнирлерді жиі ұйымдастырған дұрыс деп ойлаймын», — деді жарысқа қатысушы, Тайынша ауданы Келлеровка ауылдық округінің әкімі Ержан Хамитов.

Жарыс қорытындысы бойынша Сергеевка қаласының әкімі Ерұлан Ғабдуллин бірінші орынды иеленді. Чистовское және Келлеровка ауылдық округтерінің әкімдері екінші және үшінші орындарға ие болды. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табысталды.

 

СҚО-да ауыл әкімдері теннис ойнап жарысты

Тағы оқыңыз: СҚО-да инсульт диагнозы қойылған 161 адам емделіп шықты

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *