Астана қаласында өткен республикалық турнирге 12 солтүстікқазақстандық қатысты. Олардың бірі алтын, екіншісі қола медальді жеңіп алды, деп жазады Qazaqstan Media.
Астанада күрестен «Балуандар сайысы» республикалық турнирі аяқталды. Оған еліміздің әр өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Олардың арасында жүз келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды солтүстікқазақстандық Алтынбек Аусағитов жеңіп алды. Сайыстың ақтық кезеңінде жерлесіміз астаналық балуан Сейтен Жандоспен белдесті. Бұл жолы Алтынбек қарсыласын уақытынан бұрын жеңді.
Ал екінші жерлесіміз Нұрғали Тұрсынғазиевке қола жүлде бұйырды. Ол 74 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен болатын.
Тағы оқыңыз: СҚО-да алдағы күндері бұрқасын болады