Солтүстікқазақстандық ер адам төрт қазақстандықтың өмірін сақтап қалды. 62 жастағы тұрғын қайтыс болғаннан кейін, оның ағзасы донорлыққа алынды, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

62 жастағы ер адамның ми қан айналымы бұзылып, бірінші ақпан күні қалалық көпбейінді ауруханаға түседі. Оған инфаркт диагнозы қойылады. Ес-түссіз жатқан ер адамның жағдайы нашарлап, екінші ақпан күні оның миы жұмыс істеуін тоқтатады. Осылайша, дәрігерлер консилиум өткізіп, потенциалды ағза доноры бар екені туралы трансплантология орталығына хабарлайды. Донор болуға оның ұлы рұқсатын берген. Орталық бригадасы үшінші ақпан күні республикалық медициналық авиация арқылы Петропавлға жетеді.

«University Medical Center» корпоративтік қорының жүрек орталығы және ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтан алты дәрігер келіп, донордың ішкі ағзаларын алады. Осылайша, жерлесіміздің органдары Астана қаласында төрт пациентке салынады. Операциялардың барлығы сәтті өткен.
Мәселен, жерлесіміздің жүрегі 54 жастағы Алматы қалысының тұрғынына салынды. Бұған дейін онда LVAD механикалық қан айналымын қолдау құрылғысы имплантацияланған. Бұл құрылғы «трансплантацияға көпір» болып табылады және жүрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысы бар науқастарға орган трансплантациясын күтуге көмектеседі.

«Имплантациядан кейін пациент күту парағына қойылды, қажет дәрілерді төрт жыл бойы ішіп жүрді. Донордың ағзасымен сәйкестік максималды болды. Біз пациентке хабарласып, жүрек ауыстыру мүмкіндігі бар екенін айттық. Ол әрине қуанды. Бірден клиникаға келіп, операцияға дайындалды», — дейді Ниль Хисамутдинов, LVAD қызметінің жетекшісі, UMC жүрек орталығының кардиолог дәрігері.

Бұл Қазақстандағы 100-ші донорлық жүрек трансплантациясы. Ағзаны Астанаға жеткізу барысында қиындықтар да болған. Санитарлық авиация тікұшағы қалың тұманнан қона алмай, 20 минуттай айналып ұшып жүрген. Кейін Қарағанды қаласына барып қонған. Мұндай жағдайда әр минуттың маңызды екенін ұмытпаған жөн.

Солтүстікқазақстандықтың жүрегі Алматы қаласының тұрғынына салындыЖалпы, Солтүстік Қазақстанда донорлық алты жыл бұрын тіркелген, бұл содан кейінгі бірінші жағдай. Ал биыл республикадағы екінші оқиға.
Қазіргі кезде СҚО бойынша 102 адам ағза донорына мұқтаж. Көбіне бүйрек, жүрек, бауыр сынды ағзаларды ауыстыруға кезек көп. Облыста бір бала бүйрек донорын күтіп жүр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда дәрілер орта есеппен 8,6%-ға қымбаттады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *