Петропавлдағы «Жастар» стадионындағы жабық футбол корты жанып кетті. Өрт футбол манежі маңындағы гаражда басталған, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Өрт сағат таңғы сегіздер шамасында стадион аумағындағы гаражда басталған. Екі трактор мен ГАЗель көлігі жанып кетті. Сондай-ақ гараждың маңында тұрған спорт мектебі қызметкерінің машинасы да өртеніп кеткен.

«Мұнда 8:30-да жаттығу басталуы тиіс еді. 7 бала келіп, ғимаратта киімдерін ауыстырып жатқан. Тағы 4 ата-ана мен жаттықтырушы болған. Бірақ манеж ол кезде жабық болатын. Сондықтан өрт басталды дегенде оларды бірден эвакуациялаған. Ешкім зардап шеккен жоқ», — деді «Қызылжар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Айсары Шәкіров.

Жабық футбол корты санаулы минуттардың ішінде жанып кеткен. Қазір манеждің қаңқасы ғана қалды. От 9:21-де оқшауланған. Әкімшілік ғимарат зардап шеккен жоқ.

Петропавлда жабық футбол корты өртеніп кеттіПетропавлда жабық футбол корты өртеніп кетті 

Жыл басталғалы бұл Петропавлдағы екінші ірі өрт оқиғасы. Қаңтардың 10-ы шаһарда «Рахат» сауда орталығы өртенген болатын.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы судьяның ісі алаяқтық деп танылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *