Солтүстік Қазақстанда былтыр кәмелетке толмағандардың қатысуымен 42 қылмыс жасалған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Мұндай деректерді бір жылдағы жедел жұмыстың нәтижесін талқылаған өңір полицейлері мен прокурорлары жариялады, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

СҚО полиция департаменті 2024 жылдың қорытындысы бойынша прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің өкілдерімен кеңес өткізді. Онда жедел тергеу жұмысының сапасын және алдын алу шараларын жақсарту, заңдылықты бұзу деректерін тіркеу және есепке алу тәсілдерін жетілдіру мәселелері қаралды. Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Қайрат Әбдіханов бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар, айталық адам өлтіру, тонау, алаяқтық бойынша жедел жағдайдың оң динамикасы барын атап өтті. Дегенмен, кей бағыттар бойынша қылмыстар саны артқан. Айталық, өңірде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны өскен.

«2023 жылы 38 факті тіркелсе, былтыр 42 қылмыс жасалған. Сондай-ақ, бұрын істі болған жандар қайтадан қылмыс жасап ұсталуда. Рецидивистермен жасалған қылмыстар саны  62-ден 77-ге дейін өсті. Облыста жол-көлік оқиғаларының саны да азаймай тұр. 2023 жылы 432 — жол апаты тіркелсе, былтыр олардың саны – 551-ге жеткен», — деді облыс прокуроры.

СҚО-да кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны артқан

Қайрат Әбдіханов тәртіп сақшыларын қылмыстық істер бойынша процестік шешімдерді уақытылы қабылдауға, барлық тергеу әрекеттері мен жедел іс-шаралар бойынша ведомстволық бақылауды күшейтуге шақырды. Ал Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Азамат Шонов қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды тіркеу мен есепке алудың белгіленген ережелерін қатаң сақтау қажеттігіне назар аударды.

СҚО-да кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны артқан

Тағы оқыңыз: СҚО колледждерінде білім алуға қосымша 105 грант бөлінбек

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *