Қазіргі кезде «Рахат» сауда үйіндегі өрт толығымен оқшауланған. Тілсіз жаудан жеті пәтер мен 10 сауда бутигі зардап шегіпті. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Qazaqstan Media.

Осыған қатысты облыс орталығында арнайы брифинг ұйымдастырылды. Онда ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин мен қала әкімінің орынбасары Сергей Мелехов қазіргі жағдайды баяндады. Олардың айтуынша, өрт туралы хабарлама құтқарушыларға таңғы сағат бес шамасында түскен. Отты олар екі сағат ішінде толықтай сөндіріп үлгерді. Тілсіз жаудан жеті пәтер мен 10 бутикке және Magnum сауда желісіне зиян келген. 

«Қазіргі кезде тергеу, тексеру амалдары басталды. 292 бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі тұлғалар анықталғаннан кейін зардап шеккендерге шығын көлемі толығымен өтелетін болады. Кінәлі адам шығынды өтейді», — деді қала әкімінің орынбасары Сергей Мелехов.

Қазіргі кезде оқиға орны тазартылып жатыр. Оттан әсіресе үшінші қабаттағы пәтерлерге зиян келген. Шығын көлемі әлі анықталған жоқ. Болжам бойынша от сауда нүктелерінің бірінен шыққан. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бұл сауда үйінде тексерісті 2024 жылдың сәуірінде жүргізген. Сол кезде 16 заң бұзушылықты анықтаған.

«Сәуір айындағы тексерістен кейін сауда үйінің әкімшілігі барлық олқылықтарды жойдық деп есеп берді. Біз биыл тағы тексеріс жүргізуді жоспарлап қойған едік. Былтыр бұл нысанда электр сымдарының дұрыс болмауы, дүкен ішін қайта бөлу, қосалқы шығатын есіктің артық заттармен жабық болуы сынды бұзушылықтар анықталды. Өрт кезінде дүкенде ешкім болмаған, от шыққан кезде өрт дабылқаққышы іске қосылды», — деп нақтылады ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Тағы оқыңыз: Петропавлда сауда үйінде болған өрт кезінде екі пәтерге зиян келді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *