Петропавлда ішімдік ішіп алған қала тұрғыны дәріханада жанжал шығарып, витринаны сындырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқиға 22 желтоқсан күні сағат түнгі екілер шамасында болған. Н. Назарбаев көшесі бойындағы дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам жанжал шығарып, витринаны сындырған.
«Оқиға орнына бірден жеткен полиция қызметкерлері 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Медициналық куәландыру оның мас күйде болғанын көрсетті. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша материал жиналды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бұл әрекеті үшін жанжалқойға 50 АЕК көлемінде айыппұл төлеуден бастап 20 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы көзделген.
Тағы оқыңыз: Үй де, өтемақы да берілмеген: Петропавл тұрғыны қала әкіміне жүгінді