Петропавлдық Бірлік ауданынан берілген үйден бас тартып отыр

Петропавлда көктемде баспаналары суға кеткен тұрғындар, жаңа салынған Бірлік ауданынан берілген үйден бас тартып отыр. Олар осы уақытқа дейін пәтер жалдап, ағайын-туысты жағалап жүруге мәжбүр, деп жазады Qazaqstan Media тілшісі.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қала тұрғындары алдында есептік кездесуін өткізді. Алдымен азаматтар алдында 2024 жылды қортындылаған шаһар басшысы, кейін базынасын арқалап келген тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Олардың көпшілігі тасқын судың салдарынан туындаған мәселені көтерді. Кейбір азаматтар апатты деп танылған үйлерінің орнына әлі күнге дейін жаңа баспана ала алмай жүр екен.

«Мен Ойқала шағын ауданы, Демиденко көшесінде тұрдым. Үйім суға кеткен. Өзім 74 шаршы метр үй салған едім. Сосын кіреберісті қаптап, пайдаланып жүрдік. Бірақ, оған құжат болмай шықты. Сол себепті соттасып, үш ай уақытымды өткізіп алдым. Сот ол бойынша теріс шешім шығарды. Енді қанша шаршы метр бар сол бойынша баспана алсам деймін. Тоғыз ай болды, отбасымыз шашылып, әрқайсымыз әр жақта жүрміз», — дейді қала тұрғыны Руслан Садықов.

Тұрғынның мәселесі бойынша жауапты Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Төренова жауап берді. Айтуынша, олар Руслан Садықовтың проблемасымен таныс. Құжаттарын да көріп, өз ұсыныстарын жасапты.

Петропавлдық Бірлік ауданынан берілген үйден бас тартып отыр

«Біз барлық құжаттарды қарап шықтық. Өз варианттарымызды айттық. Қазіргі кезде Бірлік шағын ауданында бос тұрған үй бар. Соны ғана ұсына аламыз. Қолымызда бары сол», — деді қала әкімінің орынбасары.

Бұл нұсқаны Серік Мұхамедиев та қолдады. Алайда, қала тұрғыны өзінің көпқабатты үйден пәтер алуға өтініш жазғанын алға тартып, Бірлік ауданына көшпейтіндігін жеткізді.

Тағы оқыңыз: СҚО-да екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *