Есірткі таратқаны үшін сотталғандардың жазасы қайта қаралады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенат отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қазақстанда есірткі таратып, түрмеге түскендердің бір бөлігіне тағайындалған жаза қайта қаралуы мүмкін. Нақты айтқанда 1000-нан астам сотталған мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығады.
«Жазасын өтеушілердің арасында шамамен 1220 адам есірткі жасырғаны үшін жаза арқалаған. Бұл көбінесе курьерлер мен есірткі көмушілер. Бір сөзбен айтқанда есірткі саудасына қатысқандар. Олардың құқықтары жазаны өтеу мекемелері арқылы ұсынымхат рәсімдеу арқылы немесе адвокат арқылы қорғалады. Әр жағдайды сот жеке қарады. Осылайша сотталғандар жазаны жеңілдету құқығына ие болмақ»,- деді Санжар Әділов.
Бүгінде төрт мыңға жуық адам есірткі қылмысын жасағаны үшін сотталған.
Тағы оқыңыз: СҚО ассамблеясының жылдық жұмысы қорытындыланды