Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы пара алу кезінде ұсталды, деп жазады Qazaqstan Media.
19 желтоқсанда Петропавл қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Сот әкімшілігінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен операциясының нәтижесінде облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы 15 мың АҚШ долларын алу барысында қолға түсті. Ол сот шешімін мүдделі тараптың пайдасына шешу үшін ірі пара алмақшы болған.
Тағы оқыңыз: Аудиторлық тексеріс: Ақжар ауданында 49,4 млн теңгенің заң бұзушылығы анықталды