Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің сержанты Виталий Чужиковтың өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.
Бүгін Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің сержанты Виталий Чужиков әріптесінің қолынан қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. 38 жастағы әскери қызметкер оқ жарақатын алғаннан кейін әріптестері оны бірден медициналық мекемеге жеткізген. Реанимациялық шаралар жүргізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Осыған қатыстыПетропавл қаласының әскери прокуроры Мейіржан Қасымжанов түсінік берді.
«ҚР ІІМ орталық-өңірлік әскери тергеу басқармасының Петропавл тобымен ҚР қылмыстық кодексінің 462 бабы, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес жария етілмейді», — деді Петропавл горнизонының әскери прокуроры Мейіржан Қасымжанов.