Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл ауылында «Әжелер» ансамблінің мүшелері сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Ақ жаулықты аналар №528 сайлау учаскесіне келіп, елдің тыныштығы мен халықтың амандығын тілеп, ақ баталарын берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ауылдың ақ жаулықты әжелері үшін бүгінгі сайлау – ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетудің бір мүмкіндігі. Өмірдің талай белесін артқа тастаған қариялардың тілегі бір – ел аман, жұрт тыныш, ұрпақтың болашағы жарқын болсын.

Кішкенекөлде ақ жаулықты әжелер елдің амандығын тілеп, дауыс берді
Кішкенекөлде ақ жаулықты әжелер елдің амандығын тілеп, дауыс берді

«Біз үшін ең үлкен бақыт – еліміздің тыныштығы, балаларымыз бен немерелеріміздің амандығы. Жастарымыз білімді болып, туған жеріміз көркейе берсе екен дейміз. Бүгін сайлауға келіп, өз таңдауымызды жасадық. Елдің ертеңі үшін әрқайсымыз жауапкершілік сезінуіміз керек. Халқымыздың ынтымағы артып, әр шаңыраққа құт-береке қонсын», – дейді ансамбль мүшелері.

Дауыс берген әжелер ақ баталарын арнап, елімізге бейбітшілік, халқымызға бірлік пен береке тіледі. Қариялардың сайлауға қатысуы – ұрпақтар сабақтастығының, туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Ақ жаулықты аналардың ақ тілегі мен батасы бүгінгі күнге ерекше жылылық сыйлады.

Тағы оқыңыз: Жолдауда Қазақстанның барлық өңірін дамытуға басымдық берілген

Поделиться:

Shares