Кеше Қазақстан волейболдан әйелдер лигасының жетінші тур ойындары өтті. Оның аясында жергілікті «Қуаныш» ВК түркістандық «Тұранды» қабылдады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Турнирлік кестеде «Қуаныш» — үшінші, «Тұран» — бесінші орында тұр. Алаң иелері айқын фаворит. Жанкүйерлер командадан тек жеңіс күтті.

Жергілікті команда сенімді ақтады. Қарсыластан үш те бір есебімен басым түсті. Алаң иелері 25-21, 25-17 және 25:17 есептерімен қарсыласты жеңді. Тек үшінші сетте 21-25 есебімен қонақ командаға есе жіберді. Айта кету керек, теріскейлік клуб бүгін тағы осы клубпен кездеседі. Ойын 18:30-да басталады.

«Қуаныш» ВК түркістандық «Тұраннан» басым түсті
«Қуаныш» ВК түркістандық «Тұраннан» басым түсті

«Ойын өте керемет өтті. Қарсыласқа екі апта бойы дайындалдық. Бапкеріміз дұрыс тактика құрды. Тек үшінші партияда босансып қалдық. Алда ойындар көп. Басты мақсатымыз — чемпионатта жеңіске жету», — деді команда ойыншысы Балайым Қойлыбаева.

Тағы оқыңыз: Қызылжарлық жас палуан республикалық турнирде күміс еншіледі

Поделиться:

Shares