Футболдан Ұлттар Лигасының топтық кезеңі аяқталуға жақын. Қазақстан құрамасы төрт матч өткізді. Жағдай мәз емес, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Словакия, Фарер аралдары және Молдовамен бір топқа түсті. Жарыс басталмай тұрып «Бізге оңай қарсыластар түсті», «Ұтуға болады» деп қуанғанымыз жасырын емес. Иә, бұлай айтуымыз орынды. Біз бұл құрамалардан бұған дейін басым түстік.

Өкінішке қарай, бәрі ойлағанымыздай болмады. Төрт ойында екі мәрте жеңіліп, екі рет тең түстік. Алдымен сырт алаңда Фарер аралдарымен әупірімдеп жүріп, тең тарқастық. Қай жағынан болмасын қарсылас бізден басым болды. Тек сәттілік жолдас болмай, өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Келесі матч — Словения. Сырт алаңда өткен ойында алаң иелері фаворит саналды. Бірақ, осыдан үш жыл бұрын біз бұл құрамадан екі рет басым түстік. Жеңеміз деген үміт болды. Бірақ, әдеттегідей нәтиже болмады. Екі де бір есебімен жол бердік. Негізі қорытынды бойынша Словения ірі есеппен ұтуы мүмкін еді. Бірақ, мүмкіндіктерін пайдалана алмады.

Өз алаңымызға оралдық. Қарсылас — Молдова. Қалпақпен ұрып аламыз деген ой болды бәрімізде. Бірақ, аутсайдерден жеңілдік, есеп — бір де екі. Статистика бойынша да қатты басым болдық деп айта алмаймыз. Ойын жоқ, комбинациялар жайлы айтуға ауыз бармайды.

Соңғы ойын тағы Фарер аралдарымен. Алғаш 55 минут қонақ команданың ойыны жүрді, екі гол соқты. Қазақстан ойыншылары қарсы шабуылдармен жауап қата алмады. Бір сөзбен айтқанда, бізде жеп қойды. Ойынның орта белінен асқан кезде қонақ команданың ойыншысы қызыл қағаз алып, матчтан қуылды. Тамаша мүмкіндік.

Қарсыласты қыспаққа алдық. Екі гол соқтық. Қаншама мүмкіндік болды. Жеңіске жететін күн де келді деп қуандық. Бірақ, тағы да жеңіс қолдан сусып кетті, тең түстік. Есеп — екі де екі.

Бір қызығы Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында бес гол соғыпты. Оның төртеуін қорғаушылар қақпаға тоғытқан. Иә, ҚОРҒАУШЫЛАР. Сонда біздің шабуыл қайда?

Біз артық құрамда жүріп жеңе алмаған Фарер аралдарында 50 мыңдай ғана адам тұрады. Құраманың тең жартысы кәсіби футболшы емес. Рейтинг өзімізден төмен тұрған командадан артық құраммен басым түсе алмадық.

Құрамаға жаңадан Джон ван ’т Схип бас бапкер болып келді. Нидерландық маман нидерландық ойын стилін қоя ма деп едік, ол да болмады. Ойыншыларымыз тек қапталмен ғана шабуыл жасайды, орта жоқ десек артық айтқандық емес. Ұлттар лигасында деңгейлес командалар арасында соңғы орындамыз. Біздің деңгейіміз осы болғаны ма? Әрине, Сәтпаев, Зайнутдинов сынды көшбасшыларымыз болмады. Бірақ, бұнымен ақтала алмаймыз. Командада ойын жоқ!

Бірақ, қанша сын сөздер айтқанымызбен қолдауды тоқтайпаймыз. Себебі, Ұлттық құрама — біреу. Алдағы уақытта оң өзгерістер енгізеледі деп сенеміз.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-palwandary-zhetiswda-zhengiske-zhetti/

Поделиться:

Shares