Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының бірінде әйел мас күйде рөлге отырған күйеуін полицейлерге  ұстап берді. Осылайша ер адам 15 тәулікке қамалып, жеті жылға эүргізуші құқығынан айырылды, деп жазады Qazaqstan Media.

Отбасылық жанжалдан кейін ер адам мас күйде рөлге отырған. Ол туралы полиуейдрег өзге емес, әйелі айтып хабарлаған. Тәртіп саұшылары 36 жастағы жүргізушіні тоқтатты. Ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, көлік құралдарын басқару құқығынан жеті жылға айырылды. 

Полицейлер осылайша арты ауыр өкінішке апаратын, қыомыстың алдын алдық дейді. Себебі мас жүргізуші  адамды қағып кетіп, қылмыстық іске қатысы бар тұлғаға айналуы, өзі жарақат алуы немесе жол-көлік оқиғасынан қаза табуы мүмкін.

Жыл басынан бері СҚО-да мас жүргізушілердің кінәсінен 19 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан бір адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Полицейлер көлік құралдарын мас күйінде басқару деректерінің алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Өткен жылы ішімдік ішкеннен кейін көлік басқарғаны үшін 1016 жүргізуші жауапкершілікке тартылса, биыл бұл көрсеткіш 891 адамды құрады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың негізгі бағыттарының бірі.

Тағы оқыңыз: Солтүстікқазақстандық ұстаздарға мерекелік сыйақы мен марапат табысталады

Поделиться:

Shares