«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 5 қазандағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорындағы азық-түлік өнімдерінің өзекті бағаларын жариялады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Петропавл мен Бескөлдегі арнайы сауда нүктелерінде картоптың келісі 149 теңгеден, қырыққабат 109 теңгеден, сәбіз 149 теңгеден сатылып жатыр.
Бірінші санаттағы тауық жұмыртқасының он данасы 480 теңге тұрады. Қарақұмықтың келісі 240 теңге, қант 465 теңге, ас тұзы 65 теңге. Тегістелген күріш 360 теңгеден, «Камолино» күріші 355 теңгеден ұсынылған. Ал күнбағыс майының бағасы өндірушісіне қарай 745 пен 770 теңге аралығында.
Бірінші сұрыпты ұнның бағасы қаптамасы мен өндірушісіне қарай 270-280 теңге. «Егін» макаронының келісі 245 теңгеден сатылып жатыр.
Тауық етінің бағасы да жарияланды. Салқындатылған тауық санының келісі 1200 теңге, бройлер балапанының тұтас еті 1300 теңге, сан еті 1315 теңге, ал жіліншігі 1355 теңге тұрады.
«Солтүстік» ӘКК мәліметінше, тұрақтандыру қорының өнімдері сауда нүктелеріне күн сайын жеткізіледі.
Петропавлда өнімдер «Дария», «Алтын арман», «Тайга», «Алматы-Петропавл», «Қызылжар» базарларында, сондай-ақ «Корона» және «Океан» сауда үйлерінде сатылады.
Бескөл ауылында сауда нүктесі Гагарин көшесі, 6А мекенжайындағы «Қазпошта» ғимаратында орналасқан.
Тағы оқыңыз: СҚО-да ұстаздар құрметке бөленді

