Петропавлда «Counter-Strike 2» бойынша аймақтық турнир өтіп жатыр. Жарысқа 17 команда қатысуда. Әр топта бес ойыншы бар, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жарыс ертең аяқталады. Турнирге Астана, Көкшетау қалаларынан қатысушылар келген. жарысы Counter-Strike дисциплинасы бойынша ұйымдастырылды. Жарысқа командалардың негізгі құрамымен қатар жаттықтырушылары мен қосалқы ойыншылары да қатысуда.

Турнир топтық форматта өткізіліп, нәтижесінде үздік команда анықталады. Жеңімпаздарға арналған жүлде қоры – бір миллион теңге. Соңғы уақытта киберспорт жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие болып отыр. Қазақстанның ірі қалаларында халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Солтүстік Қазақстан облысында да осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде дамытуға басымдық берілмек.

Петропавлда «Counter-Strike 2» бойынша аймақтық турнир өтіп жатыр  
Петропавлда «Counter-Strike 2» бойынша аймақтық турнир өтіп жатыр

«Биылдың өзінде бірнеше турнир өткіздік. Қазір киберспортқа жастардың қызығушылығы жоғары екенін көріп отырмыз. Біздің өңірде де талантты ойыншылар көп. Сондықтан осындай жарыстар арқылы оларға өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік бергіміз келеді», – деді облыстық киберспорт федерациясының өкілі.

Турнир облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Киберспорттық жарыстар мұнымен тоқтамайды. Қазан және қараша айларында Dota 2, FIFA және Mobile Legends дисциплиналары бойынша да турнирлер өткізу жоспарланған.

Ұйымдастырушылардың алдағы жоспарларының бірі – Солтүстік Қазақстан облысында тұрақты киберспорттық лига құру. Оның аясында Петропавл қаласымен қатар өңір аудандары мен ауылдарындағы жастарға да жарыстарға қатысуға мүмкіндік берілмек.

Counter-Strike 2 — екі команда арасында өтетін тактикалық ойыны. Бір тараптың негізгі міндеті — жарылғыш зат орнату, ал қарсы команда оның алдын алуға тырысады. Ойын 13 раундтар тұрады. Қатысушыларға 30 минут уақыт беріледі.

Петропавлда «Counter-Strike 2» бойынша аймақтық турнир өтіп жатыр  
Петропавлда «Counter-Strike 2» бойынша аймақтық турнир өтіп жатыр

«Жарыс туралы әлеуметтік желілерден білдік. Содан кейін команда болып жиналып, дайындалдық. Негізгі мақсатымыз – жеңіске жету. Сонымен қатар командалық ойынның атмосферасын сезініп, өз мүмкіндігімізді сынап көру», — деді турнирге қатысушы Александр Давыдов.

Тағы оқыңыз: Ауыл мектебінде математикаға қызығушылық оятқан мұғалім

Поделиться:

Shares