Қазан айының басында  Солтүстік Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін жылынса, соңғы онкүндікте түнде -10 градусқа дейін аяз күтіледі. Сондай-ақ жаңбыр мен қар, көктайғақ және қатты жел болжанып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.

Синоптиктердің мәліметінше, қазан айындағы орташа температура +4,9…+5,7 градус шамасында болады. Бұл климаттық нормадан жоғары. Қалыпты көрсеткіш +3,6…+4,5 градус.

Айдың алғашқы онкүндігінде күндіз +15…+20 градусқа дейін жылы болуы мүмкін. Түнде температура +2…+7 градус шамасында сақталады. Кей жерлерде 0…-2 градусқа дейін төмендейді.

«Бірінші онкүндіктің ортасында қысқа мерзімді суыту күтіледі. Осыған байланысты жаңбыр мен қар түріндегі аралас жауын-шашын болуы мүмкін», — деді «Қазгидромет» СҚО филиалының директоры Қымбат Мерғалимова.

Екінші онкүндікте күн салқындайды. Түнде ауа температурасы +1…+6 градустан -2…-7 градусқа дейін өзгерсе, күндіз +14…+19 градустан +6…+11 градусқа дейін төмендейді.

Үшінші онкүндіктің басында қайтадан аздап жылынады. Күндіз +11…+16 градусқа дейін жетуі мүмкін. Бірақ ай соңына қарай қайтадан салқын түседі.  Түнде температура -5…-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз +3…+8 градус болады.

Қазан айында жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде, яғни 22–40 мм шамасында күтіледі. Жаңбыр жиі жауғанымен, негізінен қысқа мерзімді болады.

«Үшінші онкүндіктің ортасында тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Айдың екінші жартысында желдің жылдамдығы жиі 15–20 метрге дейін күшейеді», — деді Қымбат Мерғалимова.

Тағы оқыңыз: Ендігі жылы Петропавлда жедел медициналық жәрдем станциясы салынады

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *