«Қуаныш» волейбол клубы маусым алдында арнайы пресс-конференция өткізді. Оның барысында ерлер және әйелдер құрамаларының бас бапкерлері мен команда капитандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

«Қуаныш» волейбол клубына биыл жаңа түрік жаттықтырушысы Саим Паккан келді. Маманының айтуынша, ұжым жаңа маусымға сақадай сай.

«Биылғы маусымда жоғары нәтиже көрсетуіміз қажет. Біздің командада жас және тәжірибелі ойыншылар бар. Бұдан бөлек үш легионер өнер көрсетеді. Сондықтан маусымды сәтті өткізуге бар күшімізді саламыз. Өзіме басында өте қиын болды. Командада ешқайсысы ағылшын тілін білмеді. Сөйлесу үшін аударма қосымшасын көп пайдаландым. Жаттығу әдісімді, не істейтінімізді сол арқылы түсіндіруге тырыстым. Ал қазір бәрі жақсы. Мен орысша үйрендім. Енді қыздармен орысша сөйлесуге тырысамын», — деді , «Қуаныш» әйелдер волейбол клубының бас бапкері Саим Баккан.

Команда капитаны Сабира Бекишева да жаңа маусымға дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда клуб ойыншылары жаңа бапкердің талаптарына сәйкес жаттығып жатыр.

«Клубқа жаңа бапкер келді. Команда жасақталды. Барлығы келер маусымға қызу дайындалып жатыр. Жаттықтырушы командаға тың бағыт пен заманауи тәсілдерді сіңіріп жатыр. Биыл чемпион болуға бар күшімізді саламыз», — Сабира Бекишева.

Айта кетейік, әйелдер волейбол клубы алғашқы ойынын қазанның 3-ші және 4-і күндері Петропавлда «Қарағанды» командасына қарсы өткізеді. Ал ерлер үшін маусым қараша айында басталады.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/sqo-da-baqylaw-zhaene-qadaghalaw-organdary-biznesmenderding-aldynda-esep-berdi/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *