Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Қазір өңірдегі элеваторлар 1,1 млн тоннадан астам астық қабылдаған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Облыста жалпы сыйымдылығы шамамен 3,2 млн тоннаны құрайтын 44 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Науқан басталғалы бері элеваторларға бір млн 134,3 мың тонна жаңа егін астығы жеткізілген. Оның 699,1 мың тоннасы – бидай.
Астық элеваторға жеткізілгеннен кейін алдымен өлшенеді. Одан соң зертхана мамандары сынама алып, дәннің сапалық көрсеткіштерін анықтайды. Талдау нәтижесіне қарай астық тиісті орынға түсіріліп, сақтауға қойылады.
«Бүгінде өңірдегі астық қабылдау кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Элеваторлар астықты қабылдау, сапасын бақылау және сақтауды қамтамасыз етуде», — деп хабарлады СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/wp-admin/post.php?post=135187&action=edit

