Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топтық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Бұл жерлесімізлік сары құрлық додаларындағы алтыншы алтыны, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Луценко жарыс қашықтығын 4 сағат 13 минут 11 секундта бағындырды. Бұл – ұлттық құрама көшбасшысының Азия ойындарындағы алтыншы жеңісі. Осылайша Луценко Қазақстан құрамасының жазғы Азия ойындарында ең көп алтын медаль жеңіп алған спортшысы атанды. Бұған дейінгі рекорд каноэде есуден қазақстандық спортшы Константин Негодяевқа тиесілі еді. Ол Азия ойындарында бес рет чемпион атанған.
Алексей Луценко 2026 жылғы Азиадада бұған дейін жеке жарыста да топ жарған болатын. Қазақстандық велошабандоз жеке жарыста 2014, 2018 және 2022 жылдары чемпион атанды. Сонымен қатар ол 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында топтық жарыста жеңіске жетті. Луценконың қоржынында 2022 жылғы Азия ойындарындағы топтық жарыстың күміс медалі де бар.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/tuende-shw-shygharatyn-zhuergizwshilerge-endi-ajyppul-salynbajdy-qamawgha-alynady/

