Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жаңа мекемеге үш солтүстікқазақстандық кірді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Кеңес құрамына 126 адам енді. Жаңа мекеменің мүшелері арасында мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, журналистер, кәсіпкерлер, спорт және мәдениет саласының өкілдері бар. Айта кетейік, Қазақстан Халық Кеңесі – Конституцияға сәйкес Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.

Халық Кеңесінің құрамына үш солтүстікқазақстандық енді. Олар: Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және Компания» КТ директоры Геннадий Зенченко, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова және облыстық мәслихат депутаты Ирина Эктова.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/qazannan-bastap-sharwalar-2027-zhylghy-mawsymgha-qarzhylandyrwgha-oetinim-bere-alady/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *