Бірінші қазаннан бастап диқандар 2027 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға өтінім бере алады. Құжаттар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның «Кең дала 2» бағдарламасы аясында қабылданады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бағдарлама бойынша шаруаларға несие жылдық бес пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Ерте қаржыландыру тетігі 2024 жылдың соңында енгізілген. Бұл мүмкіндік шаруаларға егіс науқаны басталмай тұрып қажетті ресурстарды сатып алып, техникаларын жөндеп, алдағы шығындарын жоспарлауға жол ашады.

«Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыру көлемі де жыл сайын артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша диқандарға 501,5 млрд теңге берілген. Ал биылғы маусымда 664,4 млрд теңге бағытталыпты. Алдын ала мәліметке сәйкес, бұл қаржыландыруды 5 мың 700-ден астам шаруашылық алған.

«Айта кетейік, бағдарлама аясындағы қаражатты екінші деңгейлі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы және «Аграрлық несие корпорациясының» филиалдық желісі арқылы алуға болады», — деп хабарлады Аграрлық несие корпорациясы баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/kk/petropavldaghy-lombardtardyng-biri-tonaldy/

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *