Петропавлда Отбасы күніне орай ерекше қажеттілігі бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған «Бақыт мекен еткен үй» шығармашылық акциясы өтті. Шараны Солтүстік Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп жазады Qazaqstan Media.

Достық пен мейірімге толы кездесуге Даун синдромы бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатысты. Акцияның басты ерекшелігі — ата-ана мен баланың бірлесіп шығармашылықпен айналысуы.

Қатысушылар «Бақыт мекен еткен үй» тақырыбында аппликациялар жасап, өз туындылары арқылы отбасы құндылықтарын, сүйіспеншілік, қамқорлық, қолдау мен өзара түсіністікті бейнеледі. СҚО Жастар ресурстық орталығының басшысы Анастасия Волкованың айтуынша, мұндай кездесулердің мақсаты — отбасыларды біріктіру және балалар мен ата-аналардың бір-біріне деген сенімі мен жақындығын арттыру.

СҚО-да ерекше балалар мен ата-аналар «Бақыт мекен еткен үйді» бірге жасады
СҚО-да ерекше балалар мен ата-аналар «Бақыт мекен еткен үйді» бірге жасады

«Бақыт мекен еткен үй» акциясы Отбасы күніне орай ұйымдастырылды. Біз үшін әр отбасы бірге уақыт өткізіп, шығармашылық қабілетін көрсетіп, өзі үшін ең маңызды құндылықтарды жеткізе алатын жылы әрі қолайлы орта қалыптастыру маңызды. Мұндай кездесулер отбасылық қарым-қатынасты, өзара түсіністік пен қолдауды нығайтады, — деді Анастасия Волкова.

Шараға қатысқан ата-аналардың бірі Эмма Пинигина да еріктілердің ерекше балаларға көрсетіп жүрген қолдауын атап өтті.

СҚО-да ерекше балалар мен ата-аналар «Бақыт мекен еткен үйді» бірге жасады
СҚО-да ерекше балалар мен ата-аналар «Бақыт мекен еткен үйді» бірге жасады

«Мен Юлия есімді қыздың анасымын. Еріктілерге үлкен алғыс айтқым келеді. Олар біздің ерекше балаларымызға әрдайым шыдамдылық танытып, көп көмектеседі. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, балалардың көңілін көтереді. Біздің балаларымыз өте белсенді, ұқыпты. Еріктілер әр баланың тілін тауып, оларға ерекше көңіл бөледі», — деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шығармашылық кездесулер балалардың қабілетін ашады. Ерекше қажеттілігі бар отбасылар үшін қолдау мен сенім атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: «Қыркүйек» пен «қыргүйек» дауына нүкте қойыла ма? Қазақстанда жаңа Орфографиялық сөздік әзірленеді

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *